Шұнжа ауылы Алматыдан 250 км қашықтықта орналасқан, оған туристер негізінен ыстық бастаулары үшін келеді.
Шұнжа ауылының сипаттамасы
Шұнжадағы ыстық бастаулар бірнеше түрге бөлінеді және де оларды температурасына қарап айырады. Сондықтан да әрбір адам өзіне жайлы температурадағы ыстық бастауды таңдап алуына болады.
Ыстық бастаулардың құрамындағы радонның емдік қасиеті бар және ол көптеген ауруларға ем. Туристерді қызықтыратын да тартатын да осы шипалы бастаулар. Су минералдар мен минералдық қосылыстарға бай болғандықтан шипалық қасиеті өте жоғары. Осыған орай күнделікті мыңдаған туристер осында келіп, денсаулығын нығайтып қайтады.
Шұнжаның ыстық бастауларына жақын маңда Шарын шатқалы орын тепкен және ерен тоғайы өсіп тұр. Оның аумағы өте үлкен, ал табиғаты адам қолы тимеген бастапқы қалпында сақталғандығымен және әсемдігімен көз тартып, қызықтырады.
Рахаттанып тыныққысы келген әрбір туристі бұл жерде жайлы демалыс орны күтіп тұрады. Әрбір бөлмеде душ, дәретхана, жататын төсек-орын, спутниктік каналға қосылған теледидар, тоңазытқыш, жаз-қыс кондиционері бар.
LuxBus – мына маршруттарға тапсырыс қабылдайды:
- Медеу — биік таудағы спорт кешені.
- Шарын шатқалы — табиғат ескерткіші.
- Ыстық бастаулар — Шұнжа ауылы
- Үлкен Алматы көлі — Іле-Алатауы ұлттық табиғи саябағы
- Ақсай шатқалы — Іле-Алатауы ұлттық табиғи саябағы
- Алма-Арасан шатқалы — Іле-Алатауы ұлттық табиғи саябағы.