«Түрген» форель шаруашылығы

Форелевое хозяйство Тургень поехать

Іле-Алатауы ұлттық табиғи саябағының ең танымал көрнекті жері Түрген шатқалы. Ол Алматыдан 70 км қашықтықта орналасқан.

Түрген шатқалына барар жолда «Форель аулау» қызметін ұсынатын мейрамханалар орналасқан. Онда автотұрақ, жылқымен серуендейтін ипподром, әр түрлі кәдесыйлар, декоративтік өсімдіктер, патша форелі бар.

Түрген шатқалында туристерді мыналар күтіп тұр:

  • Емдік жылы бастаулар
  • Форель аулау
  • Бірегей сарқырама мен кең байтақ орманды алқап

Халық медицинасымен айналысатын адамдар үшін тосын сый – дәрілік шөптер.

Түрген шатқалында жеті сарқырама бар. Олардың ішіндегі ең әйгілісі Аюлы мен Бозгүл (Қайрақ) сарқырамалары. Жаяу жүргеннен гөрі атпен серуендеген қолайлы да жанға жайлы. Қоршаған ортаны, табиғатты байыппен тамашалайсыз.

Бозгүл (Қайрақ) сарқырамасы жартасқа тауды тесіп, үңгіме жол салып тастаған, туристерді де ол осы кереметімен тамсандырып, өзіне тартады.

Сонымен бірге Түрген шатқалына барар жолда «Түйеқұс шаруашылығы» орналасқан, бұл жерге де жолай соғып, түйеқұстарды тамашалауға болады.

 

LuxBus – мына маршруттарға тапсырыс қабылдайды:

 

 

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған