Үлкен Алматы көлі — Іле-Алатауы ұлттық табиғи саябағы

Большое Алматинское озеро-1

Үлкен Алматы көлі Іле-Алатауында 2511 метр биіктікте тауда орналасқан. Бір ғажабы көл өзінің түсін жыл мерзіміне қарай ашық жасыл түстен көгілдір ақық түске өзгертіп тұрады.

Үлкен Алматы көлі туралы мәлімет.

Шұңқыр тектоникалық құбылыстардың нәтижесінде пайда болған. Көлдің ұзындығы 1,6 км. Жағалау жиегі 3 км, тереңдігі 30-40 м, су массасының көлемі 14 млн. м3.

Судың деңгейі тамыз айында көбейіп, ақпанда азайып тұрады. Оңтүстіктен көлге Үлкен Алматы өзені құйылады. Ол Іле-Алатауы ұлттық табиғи паркінің бір бөлігі болып табылады.

Үлкен Алматы көлінің сипаттамасы.

Үлкен Алматы көлі Тянь-Шань көлдерінің көпшілігі тәрізді тектоникалық өзгерістердің (жер сілкінісі) барысында пайда болған. Платинаның сол жағынан қарасаңыз көлдің үш негізгі айбынды шыңын көресіз: Ең ұшқыр биік шың Кеңес – 4317м, одан кейін Көл шыңы – 4110 м, сосын Турсит шыңы – 3954 м.

Осы маңдағы Тянь-Шань астрономиялық обсерваториясы бар ең ежелгі мұзды алқапта орналасқан ауылды да естен шығаруға болмайды. Ол көлден 2 км қашықтықта және 2700 м биіктікте орналасқан.

Одан сәл жоғарыда 3300 м биіктікте Космос сәулелерін зерттеу станциясы орналасқан.

Үлкен Алматы шатқалында «Озерное» және «Өтпелі» деген екі шатқал созылып жатыр. Алматы-Алақыр асуынан кейін Іле-Алатауының басына мұз қатқан әсем шыңдарын тамашалай аласыз.

Көлдің аумағында мыналарға тыйым салынады:

  • Мәдени және тарихи ескерткіштерді, табиғат нысандарын бүлдіруге, жоюға;
  • Су айдындары мен топырақты ластауға;
  • Аумақты тұрмыс қалдықтарымен ластауға;
  • Өз бетінше аң мен балық аулауға, ұяларды, құмырсқаның илеуін бұзуға;
  • Өз бетінше ағашты сындыруға және рұқсатсыз ұрлап кесуге;
  • Осы жерден тысқары аумақта алау жағуға;
  • Әдемі гүлдерді және дәрілік шөптерді жинауға;
  • Жеміс-жидектерді, саңырауқұлақтарды рұқсатсыз жинауға;
  • Өз бетінше мал жаюға және шөп шабуға;
  • Үй жануарларымен (ит, мысық) серуендеуге;
  • Арнайы бөлінген жерден тысқары орынға туристік тұрақ құруға:
  • Ағаштар мен тастарға жазу жазуға;
  • Рұқсатсыз ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге;
  • Автокөлікпен жолсыз жерлермен жүруге тыйым салынады.

 

LuxBus – мына маршруттарға тапсырыс қабылдайды:

 

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған