Шарын шатқалы — табиғат ескерткіші

charyn

Шарын шатқалы Шарын өзенін жағалай 154 км-ге созылып жатыр. Ол 2004 жылы 23 ақпанда негізі қаланған Шарын ұлттық саябағының аумағында Алматыдан 195 км қашықтықта шығысқа қарай орналасқан.

 

Шарын шатқалының сипаттамасы

Шөгінді тау жыныстарынан құралған 12 млн жылдық тарихы бар Шарын шатқалы табиғаттың Қазақ еліне сыйға тартқан ең бірегей ескерткіштерінің бірі. Шатқалдың биіктігі 250 метр. Ұзындығы 2 км құрайтын «Қызғылт қамалдар» (Долина замков) аңғары – туристер үшін тамашалауға тұрарлық ғажап орын.

Шатқалдың түпкірінде жаһандық мұз дәуірін басынан өткерген ерен ағашы жайқалып өсіп тұр. Бұл ерен тоғайы Қазақстан аумағында ғана сақталған өте құнды бірден-бір табиғат ескерткіші болғандықтан, 1964 жылы 19 наурызда арнайы қаулымен республикалық маңызы бар табиғат ескерткіш деп жарияланды. Бүкіл әлемді алғанда ерен тоғайы Қазақстаннан кейін тек Солтүстік Америкада ғана өседі екен.

Әртүрлі өсімдіктер мен жан-жануарлар әлеміне бай Шарын шатқалында өсімдіктің 1400 түрі өседі, оның 17-сі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген және 62 сүт қоректі жануар, ұя салғыш құстардың 103 түрі, бауырмен жорғалаушылардың 25 түрі мекендейді.

 

LuxBus – мына маршруттарға тапсырыс қабылдайды:

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған