«Сегіз көл» Park Resort

отдых на Восемь Озер в Алматы со скидкой

Адам мен табиғат үйлесім тапқан бірегей экологиялық шипажайда болғыңыз келе ме? Онда Сізге керегі – «Сегіз көл» Park Resort! Алматының маңындағы кең далада орналасқан (оазис) көгалды алқап. Жоғары деңгейлі архитектурасы мен табиғи бастаулары бар шипажай келушілерге жоғары деңгейде қызмет көрсетеді. Park Resort қала тұрғындары мен қонақтарын жыл бойына қабылдайды және де адамға табиғаттың бір бөлшегі екендігін сезінуге мүмкіндік береді.

Күнделікті күйбің тіршілік пен жұмыстан қолы босамайтын қазіргі заманның адамдары осы жерге келіп, шынайы өмірдің келбетін көреді. Салауатты экожүйені, қоршаған ортамен үйлесімділікте болуды естен шығармаған абзал. «Сегіз көл» Park Resort-тің өмірдегі миссиясы алып шаһардың қарбалас тіршілігінен арылып демалудың жаңа философиясын ұсынады.

Бау-бақша – қала

Біздегі жер бедерінің дизайнері артезиан бұлақтарын пайдаланып, қуаң жерді гүлдендіруге қол жеткізді. Құрғақшылықта өсуге бейімделген хош иісті жыңғыл мен ақселеу нәзік те әдемі раушан гүлдерімен және биік талшын ағаштарымен үйлесе жайқалып, айналаға көрік беріп тұр.

Айлар бойы төккен тер мен қажырлы еңбек қуаңшылық басқан жерді жайқалған бау-бақшаға айналдырды. Осы жұмыстардың нәтижесінде жасампаз адамның қажыр қайраты мен ынта жігері туралы мынандай әнұран дүниеге келді: «Мысқылдап жинаған – Сегіз көлдей тау тұрғызады». Бұл әнұранның негізінде айлар бойы жасалған ерен еңбектің жемісі тұр, біз әрбір бұтаны, әрбір ағашты қымбат бағалы заттай әлпештеп өсірдік.

Парктың ұстанған философиясы – табиғатты аялау. Мұнда жаңалықтар ашуға, жаңа бастамалар бастауға және тәжірибе жасауға, жаңа көкжиектерді бағындыруға шексіз мүмкіндіктер жасалған. «Сегіз көл» Park Resort рахаттанып тынығуға мүмкіндік береді. Біздің философия осыған негізделген.

Біздің орасан-зор жоспарымыздың жүзеге асатынына сенген адам кемде кем еді. Біз қысқа мерзімде мына нысандарды тұрғыздық:

  • Қонақтарға арналған коттедждер
  • Бірнеше мейрамханалар мен барлар
  • ТМД мен Орталық Азиядағы ең үлкен жағажай салдық
  • 8 км асфальтты жол салдық
  • 450 га аумағы бар қорықтың негізі қаланды
  • Шағын футболға арналған алаңы, теннис корттары, ойын алаңы бар спорт кешені ашылды.

Шөл аймақта әсем бау-бақша салу – бұл біз өткен жолдың жартысы ғана. Осы байлықты сағат сайын, күн сайын сақтап, оны бұдан да көркейтіп гүлдендіру үшін қаншама қажыр-қайрат жұмсаудамыз. Сондай-ақ бұл игі бастама өзінің жалғасын таба бермек.

 

LuxBus – мына маршруттарға тапсырыс қабылдайды:

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған