Медеу — биік таудағы спорт кешені

medeo

Медеу – бұл теңіз деңгейінен 1691 метр биіктікте Шымбұлақ шипажайының қасында, Алматының маңында биік тауда орналасқан бірегей спорт кешені. LuxBus-та Шымбұлақ шипажайының да маршруты бар. Ол қысқы спорт түрлеріне арналған биік таудағы әлем бойынша ең ірі спорт кешені. Сырғанаққа мұз жасайтын тап-таза тау суы оған өте жақсы қасиеттер беріп, конькимен жүгіру спортында жоғары нәтижелерге қол жеткізуге тамаша жағдай жасайды. Медеу мұз айдынында 200-ден астам рекордтар жасалғандықтан бір кездері ол «рекордтар фабрикасы» деген атаққа да ие болған болатын.

Медеудің географиясы

Бұл тамаша мұз айдыны мен спорт кешені Іле-Алатауы жотасының солтүстік беткейіндегі Медеу шатқалында табиғаттың ең көрікті жерінде орналасқан.

Қайта жаңғыртудан кейінгі нысан

Қайта жаңғыртылғаннан кейін инженерлік-техникалық жүйенің бір бөлігі өзгертіліп, мұзды салқындатуға арналған жаңа тоңазытқыш станцияның негізі қаланды. Мультимедиялық табло да өзгертіліп, оның көлемі 200 м²-қа жетті. Фотомәре сызығы, жарықтандыру мен дыбыстандыру құрылғылары орнатылды. Қазір электронды табло спорттық ойындардың нәтижесін көрсете алады, сондай-ақ телебағдарламаларды, жарнамалық және тақырыптық роликтерді трансляциялайды. Конақ үй кешенінің көлемі 400 орынға дейін ұлғайтылды. 3400 м² алаңға фитнес-орталық салынды. Бүгінгі таңда мұз айдынында бір мезгілде 3 мыңға жуық адам сырғанақ тебе алады.

Медеудің жұмыс істеу тәртібі

Биік таудағы «Медеу» кешені қала тұрғындары мен қонақтарын қазан айынан бастап мамыр айы аяқталғанға дейін күнделікті сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін, сондай-ақ 18:00-ден 23:00-ге дейін қабылдайды. 16:00-ден 18:00 — техникалық үзіліс.

«Медеу» мұз айдынында екі сағат сырғанау – 1800 теңге, ал ересектерге бір жұп коньки – 1000тг, балалар конькиінің бір жұбы (12 жасқа дейінгі) – 500тг тұрады.

LuxBus – мына маршруттарға тапсырыс қабылдайды:

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған