«Home club» ойын-сауық кешені

Home club отель поехать

Біздің маршрут Сізді және сіздің отбасыңызды табиғат ескерткіштеріне ғана емес, сондай-ақ Іле-Алатауының бөктерінде орналасқан «Home Club» сынды отбасылық ойын-сауық кешеніне де жеткізе алады.

Бұл көк орай шалғын әсем табиғатымен және заманауи инфраструктурасымен үйлескен қала сыртындағы таңдаулы коттеджді кешен. Мұнда адам жанын рахатқа бөлеуге қажеттінің бәрі бар:

  • Асфальтталған жолдары бар қоршалған күзеті бар қауіпсіз аумақ;
  • Балалар ойнайтын алаңы бар;
  • Субұрқағы бар;
  • Су хауызы мен көлі бар;
  • Ғимарат «саяжай» стилінде салынғандықтан кешенге ерекше рең мен талғампаздық беріп тұр;
  • Аумағы 200 квадрат метрлік кең де жайлы үй;
  • VIP-қонақтарды қазақ, орыс, африкалық, жапондық және ауылдық стилдегі 5 бірегей коттедж күтіп тұр;
  • Кейбір коттедждер саунамен және бильярдпен жабдықталған.

Сонымен бірге балық аулау, атпен және велосипедпен серуендеу тәрізді белсенді демалыстың түрін де естен шығармадық, экотуризм деген жаңа бағытты да қостық.

Отбасылар үшін баскетболдан, волейболдан, теннистен немесе дартцтан турнирлер ұйымдастырылады. «Home Club» кәнігі балық аулаушыларға аулаудың екі түрін ұсынады: Сіз кешеннің аумағында ағып жатқан тау өзенінен асықпай асыл текті форельді ауласаңыз болады немесе арнайы айлақта сазан, тұқы, ақ амур, дөңмаңдай сынды балықтарды аулаудан жарысқа түсуіңізге болады. Біздегі су қоймасындағы балықтардың бәрі экологиялық таза әрі дәмді, оған көз жеткізу қиын емес.

Су бетінде ойын-сауық құрғысы келетіндерге «Home Club» көлдің көк орай шалғынға толы жағалауында демалуды ұсынады, онда катамаранмен жүзуге болады.

Көңіліңіз қаласа табиғаты әсем су бетінде қалықтап жүрген паромның үстінде май шамның аясында романтикалық кеш өткізуге де мүмкіндік бар.

«Балдырған» алаңы сүйкімді кішкентай қонақтарға көптеген қызықты да танымдық оқиғаларға толы бағдарламаларын ұсынуға әзір.

Демалыстан соң «Нome-Club» мейрамханасында тамақтануыңызға болады. Онда еуропалық, дәстүрлі орыс және басқа да ұлттық асханалардың дәмін татуыңызға болады.

Келушілерге қажетті ақпарат:

Өзіңмен бірге жүргізуші куәлігі немесе техникалық паспорт болуы қажет. Егер сізде мұндай құжаттар жоқ болса, онда сәулетті бөлмелердің бүтіндігі үшін кешенге 20 000 теңге көлемінде осы жерден кеткен кезде қайтарылып берілетін сақтандыру депозитін төлеуге міндеттісіз. Сондай-ақ жылқыларды несиеге алған кезде жүргізуші куәлігін немесе автокөліктің техникалық паспортын кепілге қалдыру қажет.
LuxBus – мына маршруттарға тапсырыс қабылдайды:

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған