Бутаковка шатқалы

Бутаковка-011

Іле-Алатауы ұлттық табиғи саябағында Бутаковка өзені ағып жатыр. Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары жиі келетін орын болғандықтан LuxBus бұл жерге өзінің жеке маршрутын ұсынады.

Бутаковка өзені Кіші Алматы өзенінің оң жақ саласы болып табылады. Шатқалдың Бутаковка деп аталу себебі 1860 жылы орманды қорғау үшін әскери күзет қойылған екен, содан бұл орын күзет бастығының фамилиясымен аталып кетіпті деген сөз бар. Алайда нақты фактімен дәлелденбеген. Шатқалда екі сарқырама бар. Көпшілік жақын маңдағы сарқырамаға барады.

Өзеннің жоғарғы жағында жастардың көне демалыс лагері мен шағын қонақ үй орналасқан. Осыған жақын маңда спортшыларды дайындауға арналған жекеменшік (жабық) пансионат бар, бұрындары ол «Еңбек резервінің» базасы болған-тын, соңғы жылдары оны қайтадан жабдықтады.

Бұл пансионаттың қасында бұрынғы пионер лагерінің аумағында жекеменшік жылқы фермасы орналасқан.

Бутаковка шатқалы ең көрікті орын, өткелден өтсеңіз менмұндалап тұрған Талғар шыңын көре аласыз, ол Солтүстік Тянь-Шаньның ең жоғарғы шыңы болып табылады. Сапарыңызды ары қарай Қимасар тау жотасына шығу арқылы немесе Топар өзенінің сол жағалауын бойлай жалғастыруыңызға болады.

Туристер «жер шарын айналу» деп атап кеткен маршрут бар ол Қимасар алқабынан басталып, жалғыз аяқ сүрлеу жолмен Медеу алқабына дейін алып барады.

Жаздың аптапты ыстық күндерінде шатқалдың әсем табиғаты мен таза ауасы адам жанын рахатқа бөлейді. Мұнда тап-таза мөлдір бұлақтың суын ішіп, атпен серуен құрудың өзі бір ғанибет. Бутаковка шатқалы тау туризмінің ішіндегі ең әйгілі нысан болып табылады.

 

LuxBus – мына маршруттарға тапсырыс қабылдайды:

 

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған