Алма-Арасан шатқалыны – Іле-Алатауы ұлттық паркі

Алмаарасанское ущельеҚазақстандағы көркіне көз тоймайтын ең әдемі шатқалдардың бірі – Алма-Арасан. Ол көптің қалауына ие маршруттың бірі. Ол Алматыдан 20 км қашықтықта 1750 метр биіктікте орналасқан.

Жаздың аптап ыстығында демалыс күндері қаланы тастап, табиғаты әсем, ауасы таза таулы аймаққа саяхаттаған жанның рахаты екенін Сіз де мойындайсыз ғой! Шатқалға кіре берісте селге қарсы бөгет пен экологиялық бекет орналасқан.

Алма-Арасан шатқалының сипаттамасы.

Шатқал арқылы Үлкен Алматы өзенінің сол жақ саласы ағып өтеді. Шатқалдың төңірегінде шыршалы орман өсіп тұр, онда итмұрын, таңқурай, долана тәрізді өсімдіктерді кездестіруге болады. Шатқалда көбінесе күн ашық та шуақты болып келеді. Мұнда жердің бетінде радонды күкіртті жылы бастаулар ағып жатады. Осы бастаулардың негізінде бальнеологиялық Алма-Арасан шипажайының іргетасы қаланды. Алайда, соңғы жылдары бастаулардың көп бөлігі суалып қалды.

Керек деректер:

  • Тау өзенін жағалай жүрсеңіз туристердің тұрағын, сейіл құрған адамдарды т.б. көруге болады;
  • Шипалы бастаулар – кремний қышқылымен аздап байытылған минералды су;
  • Көптеген алматылықтар демалыс күндері тауға жаяу және велосипедпен серуендеуге шығады;
  • Таудың сиретілген таза ауасы гинекологиялық және шеткергі жүйке жүйесі ауруларының, сондай-ақ туберкулезді қоспағанда басқа тыныс жолдары ауруларын және қозғалыс мүшелерінің дертін емдеуге көмектеседі;
  • «Мерзімі» – жыл бойы.

 

LuxBus – мына маршруттарға тапсырыс қабылдайды:

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған