«Алакөл» көлі

Алаколь-003

Алакөл деп аталатын тостаған суларды Ұлы Жібек жолы басып өткендігі ықылым заманнан әйгілі. Сол кездің өзінде керуеншілер тұзды толқындар адамның күш-қуатын қалпына келтіріп, денсаулығын нығайтатындығын байқаған. Адамдардың қажалған аяқтары мен денесіндегі жаралар жазылып кеткен, тіпті белінің құяңы бар науқастар дертінен айығып кеткен. Бір ғажабы адамдар бойындағы өкпе, реніштен де құтылыпты. Алакөл тұзды көлі Балқаш-Алакөл алқабында, Шығыс Қазақстан облысы мен Алматының шекарасында орналасқан.

Алакөл көлі Сасықкөл, Ұялы, Жалаңашкөл сынды т.б көлдермен бірге Алакөл көлдер жүйесінің құрамына кіреді. Жағалауы көптеген жарты аралдармен, шығанақ, мүйістермен бөлінген. Үлкен және Кіші Балғын шығанағы едәуір терең және де паналау порты ретінде қолданылады.

Жағалаудың ауа-райы континентті. Жел соғып тұрады. Желдің көл бетіндегі жылдамдығы 40-60 м/сек. Ең қатты жел күз және қыс мезгілдерінде болады.

Алакөлдің ылғалды демі құрғақ, ыстық ауамен қосылып, қоршаған ортаға жайлы жағдай жасайды. Көлдің аумағында 80-ге жуық зоопланктон бар, оның суында сазан, көксерке, көкбасы, алабұға тәрізді балықтың 8 түрі мекендейді. Құрақтардың арасында ала мысық пен су егеуқұйрығы кездеседі.

Сондай-ақ, археологтардың айтуынша, бұл көл қанаттылар үшін әлі күнге «Жібек жолы» болып қала береді екен. Бұл жерді құстар үшін нағыз жұмақ дерсің. Жыл құстары осы жерге аялдаған кезде 300-ден астам түрлерін көруге болады. Олардың 38-і Табиғат пен табиғат ресурстарын қорғау жөніндегі халықаралық одақтың Қызыл кітабына енгізілген.

Алакөл көліне сипаттама:

  • Сәуірде және мамыр айының басында – мұз ериді.
  • Мамыр айының соңында судың температурасы +7 …+150 градус цельсиға дейін жетеді.
  • Судың химиялық құрамы хлорлы натрий және хлорлы сульфат натрий.
  • Алакөл көлінің суында фтор мен бром шамадан тыс көбірек.
  • Фитопланктонан балдырлардың 58 түрін көруге болады.

 

LuxBus – мына маршруттарға тапсырыс қабылдайды:

 

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған