«Ақ Сұңқар» Жыртқыш құстардың тәлімбағы

Соколиный питомник Ак Сункар маршрут

Табиғатпен қауыштырып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын жыртқыш құстардың қазақстандағы жалғыз тәлімбағы (питомник) «Ақ Сұңқар».  Жыртқыш құстардың тәлімбағы 1989 жылы жойылып бара жатқан құстардың түрін көбейту және табиғатқа жерсіндіру мақсатында құрылған болатын.

Қазақстанның Қызыл кітабына енген жыртқыш құстардың ішіндегі бірінші орында тұрғаны ителгі мен бүркіт, өйткені олардың саны өте аз қалды. Тәлімбақтың аумағында құыстардың осы түрін баптап өсіреді. Соңғы 20 жылда мұнда 2060 құс өсіріліп, табиғатқа 600 ителгі жіберілді.

Ителгі мен бүркіттен басқа бұл тәлімбақта ителгі-лашын, үкі, таз қара, жамансары, ақсұңқар, шахин сұңқары өсіріледі.

Тәлімбақтың аумағы сегіз түрлі жыртқыш құстың аң аулау тәсілі көрсетілетін Қазақстандағы жалғыз орын. Құстардың аң аулау тәсілі музыканың сүйемелденуімен өтеді. Осы көріністі тамашалаушы көрермен сұңқарды аңға салудың тарихы жайлы ақпараттарға қанығып, жыртқыш құстардың өмір сүру салты мен биологиялық ерекшеліктері жайлы мәліметтермен таныса алады.  Тәлімбақта құстарды сапалы және толыққанды тамақтандыру үшін бір мезгілде 10 мың егеуқұйрық ұстайтын жануархана (виварий) салынған. Сондай-ақ мұнда иттердің де тәлімбағы бар, онда қазақ тазысы мен ортаазия овчаркасы өсіріледі.

 

LuxBus – мына маршруттарға тапсырыс қабылдайды:

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған