Ақсай шатқалы — Іле-Алатауы ұлттық табиғи саябағы

Аксайское ущельеІле-Алатауы ұлттық табиғи саябағының бір бөлігі саналатын Ақсай шатқалы Алматының жасыл аймағы болып табылады.

Ақсай шатқалының сипаттамасы.

Ақсай шатқалының екі негізгі көрнекті жері бар. Оның бірі 1887 жылғы жер сілкінісінің нәтижесінде опырылған жерде пайда болған Ақжар ойпаты. Одан төмен селден қорғау станциясы тұр. Жауын-шашын көп болған кезде Ақжар ойпатында жылына екі реттен сел болуы мүмкін.

Келесі көрнекті жер 1921 жылы өлтірілген екі монахтың жерленген жеріне салынған шағын ғана православтық ерлер монастыры. Ақсай өзені тау басындағы мұзды көлдерден бастау алады, сондықтан да Ақсай шатқалы ең таза ауызсуға ие. Ақсай өзенінің баурайы шырғанақ, долана, жабайы өрік, Сиверс алмасы,тал, үйеңкі, бөріқарақат, итмұрын тәрізді дәрілік шөптер мен ағаштарға өте бай. Туристер бұл жерге ең алғаш аяқ басқанда шыршалы аймақтың жоғарғы жағында шалғын мен жалаңаш жартастар ғана бар деп ойлайды. Олар шатқалда ғажайып мұздықтар барын білмейді. Өйткені, алғашқы әсер қашанда алдамшы келеді ғой. Ал негізінде тау жотасынан асқанда биікте екі көл мен мұздықтар бар. Қар еріген кезде бұл көлдердің арнасы толып, сел жүруіне себепкер болуы мүмкін. Суармалы су, жасыл шалғын, таудың құнарлы қара топырағы, жайлы жол – осының барлығы Ақсай шатқалына демалушылар мен саяжайда тұрушыларды көптеп тартады. Біртіндеп бұл жерде Көклайсай саяжай алқабы пайда болды. Мұнда қазір 4 мыңнан астам саяжай бар. Олар орманның ортасына және шатқалдың екі бетіндегі таудың баурайына жайғасқан.

 

LuxBus – мына маршруттарға тапсырыс қабылдайды:

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған